«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны
31
май
2019

«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны

Жоспар бойынша №22 орта мектебінде 25- мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны мектеп ауласында өткізілді, алаң шарлармен, жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді. Сондай-ақ «Соңғы қоңырау» салтантты жиынын өткізуге арналған арнайы сценарий құрылып, мереке осы сценарий арқылы өтті. Салтантты жиынның өтілу барысы төмендегідей:
Салтанатты жиын жүргізушілердің әдемі өлеңдерімен басталды. Одан кейін «Соңғы қоңырау» әнімен мектеп бітіруші түлектері мен 20 жыл бұрын бітірген түлектер ортаға шақырылды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Б.К.Найманбаеваға., келесі құттықтау сөз салтанатты жиынның құрметті қонағы аудан әдіскері А.Темірғалиевке берілді. Биылғы жылғы мектеп үздіктерін марапаттау, оқу жылының аяқталуына байланысты бұйрықты оқу рәсімі директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Узакова Мереке Қазыбекқызына берілді. Жүректері лүпілдеп, алып ұшып тұрған мектеп түлектерін сынып жетекшілері Ж.К.Сергеевна, С.М.Сулейменова, және Ж.К.Адильбековаға сөз беріліп, жылы лебіздері мен ізгі тілектері тыңдалды.
Мектеп түлектері өздерінен кейінгі өсіп келе жатқан іні-сіңілдеріне өсиеттерін оқып, білімнің алтын кілтін тапсырды. Осыдан кейін, мектеп түлектері үшін асыға күткен соңғы қоңыраудың әсем сазы, жүректі дір еткізер үні естілді.
20 жылдық түлектер ұстаздарға, 2019 ж- түлектерге өз тілектерін білдіріп, ақ жол тіледі. Кезекшілік ұйымдастырылып, ешқандай тәртіп бұзушылық болған жоқ.
«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны жоспарланған іс-шаралар бойынша толығымен атқарылып, өз нәтижесін берді.