Құқық бұзушылықтың алдын алу
Мектеп инспекторлары Әміржанов Өркен Өмірбекұлы мен Даниярова Асем Мырзатаевна оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бұзақылық, ұрлық, мектептегі тәртіпсіздік, есірткі мен темекі өнімдеріне қарсы күрес туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жолда жүру ережелері бойынша қауіпсіздік ережелерін үйрету, киберқауіпсіздік пен әлеуметтік желілердегі қауіптер, алаяқтықтың алдын алу бойынша да 5-10 сынып оқушылары арасында түсіндіріп өтті.