«Жұлдыздар шеруі » озат және мектеп белсенділерін марапаттау рәсімі » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жұлдыздар шеруі » озат және мектеп белсенділерін марапаттау рәсімі
31
май
2019

«Жұлдыздар шеруі » озат және мектеп белсенділерін марапаттау рәсімі

Оқу жылының соңғы күндерінің бірі, яғни 24 мамыр күні №22 орта мектебінің талантты, білімді, ең алғыр, ең мықты оқу ордасының даңқын асқақтатып жүрген және мектеп өмірін қызыққа толтырған оқушыларға "Жұлдыздар шеруі - 2019" атты марапаттау рәсімі өтті.
Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің ұлағатты ұстазы, мектеп басшысы Б.К.Найманбаеваға берілді.
Оқу үздіктерін марапаттау рәсімі мектебіміздің басшысы Б.К.Найманбаева мен оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Узакова Мереке Қазыбекқызына тапсырылды. Оқу үздігі - 151, оқу екпіндісі - 240 оқушы.
Мектепішілік, аудандық, облыстық,республикалық,халықаралық байқауларда «Зерде», «Дарын», Кіші ғылыми академиясында жүлделі орындарға ие болған оқушыларды марапаттау рәсімі директордың оқу жөніндегі орынбасары А.Қ.Хармысоваға тапсырылды. Аудандық «Зерде»-15 бала қатысып, 1,2,3- дәрежедегі орындарға ие - 14. Аудандық ҚР КҒА ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқан -6. 2 оқушы аудандық байқаудан 1-орын және 3 оқушы 2-орын,1 оқушы 3-орын. «Дарын» ғылыми жобалар жарысына - 6 оқушы қатысып, 1 оқушы облыстық байқаудан сертификат алды. Облыстық «Зерде» - 1 оқушы қатысып, 3-орынға ие болды. Аудандық пән олимпиадаларына - 4 оқушы, жүлделі 1, 2, 3-орындарға ие болды.
Мектебіміздің спортшыларын, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан, мектепшілік сайыстарда жүлделі орындарға ие болған оқушыларды марапаттау рәсімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қ.Сәрсенбинаға тапсырылды. Аудан, облыс, республика спорттық жарыстар өте көп. Соның ішінде бокс пен таеквондоға қатысқан оқушылар облыстық, республикалық жүлделі орындарға ие болды.
"Жұлдыздар шеруі - 2019" атты марапаттау рәсімі Әділхан Ельдардың орындауында «Қазақтай ел қайда?» әнімен аяқталды.

[center][]http://22-