Мектеп тарихы » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2017

Мектеп тарихы

 

 

     Әли ауылындағы тұңғыш бастауыш мектеп 1929 жылы ашылды. Бастауыш мектеп жеті жылдық болып 1956 жылы қайта құрылды. Осы мектепке Жаңа арна, Жаңалық ауылдарының оқушылары келіп оқыды. 
 
     Әли ауылындағы мектеп орталау мектептен орта мектепке 1997 жылы қайта құрылып ауысты. Орта мектептің алғашқы түлектері 1999 жылы мектепті бітірді. Мектеп түлектері әр түрлі салада қызмет атқарады. Олардың қатарында ұстаздар мен дәрігерлер, технологтар мен ауыл шаруашылық мамандары, әскери маман иелері мен мемлекеттік қызметкерлер. Мектептің алғашқы түлектерінің ішінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, отан соғысының ардагері, бұрынғы Қазақ ССР-ы жоғарғы және орта білім Министрі Тұрғанбек Қатаев, полиция генералы Құралбек Серікбаев, ғылым кандидаттары – Күлянда Найманбаева, Темірболат Майтбасов, Дархан Қарманов, ардагер ұстаздар – Салимжан Закиржанов, Орын Саржанова, Манат Амиржанова т.с.с бар. 
         1997 жылдан бастап аралас мектеп таза қазақ мектебі болып қалыптасқан
 Жаңа мектеп ғимараты 2013 жылы қолданысқа берілді. Қазіргі кезде мектептегі оқушы саны – 604, мектептегі педагогикалық кадрлар саны – 48.
2015 жылы мектепке білім саласының көрнекті басшыларының бірі болған Тұрғанбек Қатаевтың есімі берілді. 2002 жылдан бастап мектеп басшысы қызметін Баян Қадыржанқызы Найманбаева атқарады. Аудан көлемінде жүргізілетін жарыстар мен іс-шараларға мектеп оқушылары мен ұжымы ат салысады.