“Балдәурен” жазғы алаңының ашылуы » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Балдәурен” жазғы алаңының ашылуы
01
июнь
2024

“Балдәурен” жазғы алаңының ашылуы

Бүгін мектебімізде 1 маусым балаларды қорғау күніне орай “Балдәурен” жазғы алаңының ашылуы және мереке орай  “Біз бақытты баламыз” атты іс-шара өткізілді.  Мақсаты: балалармен жасөспірімдердің жаз кезіндегі демалысын көңілді ұйымдастыру.
Мерекелік іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары мен ата-аналар, ұстаздар қатысты. Балаларды бүгінгі мерекемен мектеп директоры Салтанат Құрманәліқызы құттықтады. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Мектептегі өнерлі оқушылар бүгінгі іс-шарада жиналған қауымның ықыласына бөленді. Оқушылар үшін түрлі ойындар  ұйымдастырылды. Бүлдіршіндерге бүгінгі мерекеге орай демеушілер тарапынан  тәттілер мен балмұздақтар таратылды.