"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген іс-шара » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген іс-шара
31
май
2019

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген іс-шара

«№22 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, мектебімізде ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында «Ерулік беру» салт-дәстүрі көрсетілді. Мақсаты қазіргі жас ұрпаққа ұмыт болған дәстүрімізбен таныстыру. Байсерке округтік әкімшілігінен және ауыл белсенділерінен бірнеше адам қатысты. Мұғалімдер арасында осы салтқа көрініс қойылды, оларды «ерулікке» шақырып, қонақ етіп, риза қылып, жолға шығарып салды. Егер еру көштің иесі 4-5 күн отыратын болса, «ерулікке-қарулық» деп бір қойын сойып, ауыл үлкендерін шақырып, батасын алады. Бұл салтта еліміздің бірлігі мен адамгершілік, сыйластық белгісі жатыр Қысқаша мағлұмат бере кетсек,ерулік ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.
Осы тұрғыда мектебіміздің ұстаздары сахналық қойылымды жоғарғы дәрежеде көрсете білді. Ауылымыздың абзал,зейнеткер анасы-Мензипа әже қойылымның басты кейіпкері болып,өнер көрсетті .Келген қонақтарға өз батасын беріп,шашу шашылды. Байсерке округінен келген әкімнің орынбасары Қажиев А.Б ссөйледі. Қонақтар өткізілген іс-шараға тәнті болып,ризашылықтарын білдірді.