"Отбасы- бақыт мекені"
Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. "Ана" дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын "Ана" сөзінің астарында теңіз сияқты терең ой жатыр. Ана — әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше. Гүлдің