18
сентябрь
2023
"Көше бойындағы жол белгілерімен таныстыру”
Балаларды кішкентай күнінен бастап, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету керек. Жолдан бағдаршамның тек жасыл шамы жанғанда ғана өтуге болады. Бағдаршам жоқ болған жағдайда, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту керек. Бірақ соның өзінде абай болып, ең алдымен жолға шықпас бұрын сол жағымызға қарап, машинаның жоқ екеніне немесе тоқтағанына көз жеткізіп қана өтуге болады. Осы орайда мектебімізде Абайлаңыз! Балалар! апталығы бойынша өткізілген "Көше бойындағы жол белгілерімен таныстыру” барысымен Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Тұрғанғазы ағай оқушыларды жол ережелерімен таныстырып өтті. #Жауапты ұстазымыз Т.АХайырбеков