"Отбасы- бақыт мекені" » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасы- бақыт мекені"
15
сентябрь
2023

"Отбасы- бақыт мекені"

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. "Ана" дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын "Ана" сөзінің астарында теңіз сияқты терең ой жатыр. Ана — әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше. Гүлдің жайқалып өсуі үшін су мен ауа қаншалықты қажет болса, баланың дұрыс жетілуі үшін де ата-ананың қажеттігі басым. Бізге жарық дүние сыйлаған анаға не сыйласа да аздық етеді. Меккеге жеті рет арқалап апарғанның өзінде қарызын өтей алмассың. Себебі ана сияқты бақытыңды ойлап, табаныңа кірген тікенді маңдайына кіргенін қалайтын адам жоқ. Шын бақытыңды ойлап, жанын құрбан етуге даяр жалғыз адам ол — ана. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалайықшы. Себебі адам өмірде «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек.                                     Осы орайда мектебімізде "Отбасы- бақыт мекені" атты апталықтың жоспар бойынша Құлмағамбетова Венера мен Узакова Мереке апайлардың ұйымдастыруымен "Ана деген теңдесі жоқ ұлылық"  тақырыбында 8-9  сынып оқушыларымен кездесу сабағын ұйымдастырылды. Кездесу сабағына ауылымыздың алтын алқа және көпбалалы аналарды қонаққа шақырып сұхбат жүргізілді.      Оқушыларға ананы қадірлеу туралы видео көрсету барысында оқушылар көздеріне жас алды және видеоны талқылап сұрақ-жауаптар қойылды. Оқушылар өз ойларын ашық еркін жеткізді. Сондықтан ата-анамызды құрмейттейік, тірі кезінде сыйлап жүздеріне бақыт күлкісін сыйлайық. АНАСЫ БАР АДАМДАР, ЕШҚАШАН ҚАРТАЙМАЙДЫ!!!! #АнаАнаМәңгіДосСенҒана