Біз туралы » Страница 18 » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
«Тұрғабек Қатаева атындағы №22 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 627-32-47
Есепші бөлімі:
+7(707) 627-32-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау жұмысы
01
сентябрь
2021
Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін
Алматы облысы Іле ауданы Әли ауылы «№22 орта мектеп» МКМ бойынша 2021-2022 оқу жылында  шалғай елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы балаларды мектепке күнделікті әкеліп және сабақ аяқталғанда кері үйлеріне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. 2021-2022 оқу жылының басында тасымалдауды қажет ететін 95 оқушының ата-анасынан өтініш түсті. Іле ауданына қарасты «Победа», «Союз», «Рассвет», «Қарағайлы» саяжайларынан І ауысымда -41 оқушы, ІІ ауысымда 54 оқушы тасымалдауды қажет етеді. Мектепішілік
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде 1 қыркүйек білім күні қарсаңында 1 сынып оқушыларына арналған "Кел, балалар,  оқылық!"  атты алғашқы қоңырау
01
сентябрь
2021
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде 1 қыркүйек білім күні
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде 1 қыркүйек білім күні қарсаңында 1 сынып оқушыларына арналған "Кел, балалар,  оқылық!"  атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны ашық алаңда,санитарлық сақтық шараларын сақтай отырып  өткізілді. Жиынды мектеп директоры Құрманәліқызы Салтанат құттықтау сөзбен ашып, кішкентай бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Әсем ән орындалып, өлең шумақтары оқылды. Бұл күннің басты жаңалығы бірінші сыныпқа Әліппе оқулығының оралуы, жүздерінен қуаныш лебі ескен
1 қыркүйек Білім күні қарсаңында 2-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік жетістіктері"  тақырыбында сынып сағаттары
01
сентябрь
2021
1 қыркүйек Білім күні қарсаңында 2-11 сынып оқушыларымен сынып
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде 1 қыркүйек Білім күні қарсаңында 2-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік жетістіктері"  тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Сынып сағаттарында еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында еліміздің жеткен жетістіктері айтылып, слайд,  бейнебаян көрсетілді.
Ата-аналар жиналысы
27
август
2021
Ата-аналар жиналысы
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде онлайн форматта зуум арқылы ата-аналармен жиналыс өткізіліп, 98 ата-ана қатысты. Онда: 2021-2022 оқу жылындағы өзгерістер мен ерекшеліктер, оқу жылының басталуы, оқу форматы,  киім үлгісі, ата-ананы вакцинациялау,  кітап мәселелері туралы айтылды, ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды, жауаптар берілді, жақсы сұхбат болды.
Әкімшілік
15
сентябрь
2020
Әкімшілік
Мектеп директоры: Салтанат Құрманәліқызы  Санаты: Педагог сарапшы, еңбек өтілі-19 жыл, осы қызметте-2 жыл Ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Хармысова Алмагүл Қасымхановна Санаты-сарапшы, еңбек өтілі-21жыл, осы қызметте – 5 жыл Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:  Ерханаева Қамар Ермекбаевна Санаты-сарапшы, еңбек өтілі-19,6 жыл, осы қызметте-3 жыл Ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Жолдасова Камшат Сергеевна Санаты-ІІ, педагог-модератор, еңбек өтілі-8жыл, осы қызметте-6 ай 
"№22 орта мектеп" МКМ
08
февраль
2020
"№22 орта мектеп" МКМ
"№22 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында,  ақпараттық технологиялар мен иновациялық білім беру кафедрасының аға оқыту шысы  Оспан Сания "Жаңартылған бағдарламасы мазмұны бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау және сабақ жүргізудегі белсенді әрекеттер" атты оқу семинарын өткізді.Семинар барысында мұғалімдер сабақ жоспарын құрудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құнды мәліметтер алды.
Аудандық "Үздік математик" байқауы
07
февраль
2020
Аудандық "Үздік математик" байқауы
Ұстаз-ұлы тұлға. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Біздің ұстаздар шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай өз шеберліктерін әріптестер арасында ұйымдастырған байқауларға қатысып шыңдар жүр. "№22 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің математика пәнінің мұғалімі Қанапияев Жасаұлан Ерланұлы аудандық "Үздік математик" байқауына қатысып жүлделі 3 орынға ие болды. №22 мектеп ұжымы
Жаңартылған бағдарлама мазмұны бойынша "Формативті бағалау" тақырыбында өткізіген семинар
07
февраль
2020
Жаңартылған бағдарлама мазмұны бойынша "Формативті бағалау"
"№22 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде "Формативті бағалау" атты квест-семинар өткізілді. Семинарды "Педагог академиясы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Нұрғалиев өткізді. Семинар барысында 64 түрлі әдіс-тәсілдермен таныстырып қана  қоймай, мұғалімдер арасында іс тәжірибеде көрсетілді. Ұстаздарберілген тапсырманы белсенділікпен орындап,өз әріптестерімен қызу талқылады. Семинар жоғары деңгейде өтті және мұғалімдердің әдіс-тәсіл қоржындары  64 түрлі жаңа  әдіс-тәсілдермен