Біз туралы » Страница 10 » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
«Тұрғабек Қатаева атындағы №22 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 627-32-47
Есепші бөлімі:
+7(707) 627-32-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қауіпсіз интернет» акциясы
18
апрель
2022
«Қауіпсіз интернет» акциясы
«Қауіпсіз интернет» акциясы жоспар бойынша «Бір күн кітап оқу» шарасы өтті. Бұл акцияға оқушылар өте белсене қатысты. Олар мектебіміздегі кітапханаға барып,  әр түрлі шығармалар,  әңгімелер алып оқыды. Оқып болған соң талдау жасады.  
Мағжан оқулары
15
апрель
2022
Мағжан оқулары
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінің 6 б сынып оқушысы Бисенғали Ақбота аудандық Мағжан оқуларынан жүлделі III орын иеленді. Жетекшісі:  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгуль Жабел
"Құстар-біздің досымыз"
15
апрель
2022
"Құстар-біздің досымыз"
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде Жаратылыстану және тарих апталығы аясында география пәнінің мұғалімі Бекишов Бахытжан Сейпішұлының ұйымдастыруымен "Құстар-біздің досымыз"  тақырыбында құстар фестивалі өткізілді, оқушылар құстар әкеліп, ұя жарысы өткізілді.  
"Жасұлан"
11
апрель
2022
"Жасұлан"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінің 9-10-сынып оқушылары Ұлы Жеңістің 77 жылдығына және Қазақстан қарулы күштерінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған  аудандық "Жасұлан" байқауында жүлделі 3 орын иеленді, жарайсыңдар, жүлде құтты болсын!  Жетекшісі:  АӘД жетекшісі Тұрғанғазы 
"Басқарушылық менеджмент"
08
апрель
2022
"Басқарушылық менеджмент"
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде "Басқарушылық менеджмент"  курсының айлық жоспарына сәйкес биология пәнінің мұғалімі,сарапшы-педагог,3 деңгей бойынша  серттификатталған Тазабекова Раушан Болатовна мен информатика пәнінің мұғалімі сарапшы-педагог,  3 деңгей бойынша сертификатталған Дильманова Үміт Мейрамбекқызы "Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары"  тақырыбында коучинг өткізді.  
"Адам бойындағы көшбасшылық қасиет"
08
апрель
2022
"Адам бойындағы көшбасшылық қасиет"
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде мектеп психологы Ерназарова Жанар Аяновнаның ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерімен "Адам бойындағы көшбасшылық қасиет"  тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг өте керемет, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
“Педагогикалық дебют - 2022”
07
апрель
2022
“Педагогикалық дебют - 2022”
Біздің мектеп қоржынында тағы бір жүлде, тағы бір қуаныш!  Жалпы орта білім беру мекемелерінің жас мамандарына арналған “Педагогикалық дебют - 2022” аудандық байқауында Әли ауылы,Т.Қатаев атындағы 22 орта мектебінің  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Камалиева Айдана Бекмукамедовна жүлделі  дәрежелі дипломмен марапатталды.  Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
«Спорт-денсаулық кепілі»
05
апрель
2022
«Спорт-денсаулық кепілі»
Әли ауылы,Т.Қатаев атындағы 22 орта мектебінде салауатты өмір салтын насихаттау онкүндігі жоспары бойынша  «Спорт-денсаулық кепілі»  тақырыбында 1-4сыныптар аралығында спорттық сайыс өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері сайысты жақсы ұйымдастырды,  оқушылар белсене қатысты. 
"Салауатты өмір салты"
04
апрель
2022
"Салауатты өмір салты"
 Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде "Салауатты өмір салты" онкүндігі аясында 2-10-сынып оқушылары "Денсаулық-баға жетпес байлық"  тақырыбында диктант жазды. Ол диктанттан оқушылар денсаулық туралы біршама мағлұмат алды.