Біз туралы » Страница 13 » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
«Тұрғабек Қатаева атындағы №22 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 627-32-47
Есепші бөлімі:
+7(707) 627-32-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты
14
февраль
2022
Ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде 14 ақпан Ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты өтті. Оқушылар үш тілді еркін меңгеріп жатқанын көрсетті.
"Дарынды балалармен психологиялық-диагностикалық жұмыс"
11
февраль
2022
"Дарынды балалармен психологиялық-диагностикалық жұмыс"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектеп психологтарының ұйымдастыруымен  "Дарынды балалармен психологиялық-диагностикалық жұмыс"  тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Б. Т. Маканова арнайы келіп қатысып, жақсы тілегін арнады. Мектеп директоры С. Құрманәліқызы семинарға қатысушыларға сәтті күн тіледі. Қонақтар мектептегі дарынды балаларға арналған тақталармен танысты.
Дарынды балалармен жұмыс
11
февраль
2022
Дарынды балалармен жұмыс
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде Дарынды балалармен жұмыс тақырыбында өткен аудандық семинар аясында мектебіміздегі суретші қыз, 8 сынып оқушысы Қайратбекқызы Аминаның шығармашылық тұсау кесу рәсімі жасалды, рәсімді аудандық білім бөлімінің әдіскері Бақыткул Турлыбековна жасап, ізгі тілегін жолдады, Аминаның әкесі Қайратбек аға толқып тұрып, қызына,  мектеп ұстаздарына алғысын айтып сәттілік тіледі, ұстазы Гауһар Усербайқызына зор алғыс, біз мақтанатын шәкірттеріміз көп болсын!  
"Үздік ағылшын тілі-2022"
11
февраль
2022
"Үздік ағылшын тілі-2022"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оразалиев Рустам Тлеужанұлы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен.    "Үздік ағылшын тілі-2022"  байқауында жүлделі II орынды иеленді, жеңіс құтты болсын, еңбегің жана берсін! Жарайсың!
"Сүйіспеншілік-өмір негізі"
11
февраль
2022
"Сүйіспеншілік-өмір негізі"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде Өзін-өзі тану онкүндігі аясында, 4А сыныбымен, өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Р. Т. Ибраимованың ұйымдастыруымен "Сүйіспеншілік-өмір негізі"  тақырыбында өнеге сабағы өткізілді. Еңбегіңіз жана берсін, Роза Төсбайқызы!
Өнеге сабағы
11
февраль
2022
Өнеге сабағы
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  5А сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы Шолпан Кирисбаева мен сынып жетекшісі Алмагул Хармысова бірлесе отырып тағылымы мол өнеге сабағын өткізді.  
"Бақытты бала-жарқын елдің болашағы'
09
февраль
2022
"Бақытты бала-жарқын елдің болашағы'
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде "Бақытты бала-жарқын елдің болашағы' тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
"Дін және заман"
09
февраль
2022
"Дін және заман"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде дінтану пәнінің мұғалімі Гулжан Айтыбасованың ұйымдастыруымен  9-сынып оқушыларымен "Дін және заман"  тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
өзін-өзі тану онкүндігі
08
февраль
2022
өзін-өзі тану онкүндігі
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде өзін-өзі тану онкүндігі қарсаңында оқушылар кітапханаға саяхат жасап, Сара Алпысқызы  туралы  мектеп кітапханашысы Шолпан Кирисбаева әзірлеген таныстырылымды тамашалады.
"Ертегілер еліне..."
03
февраль
2022
"Ертегілер еліне..."
Бастауыш ӘБ апталығы аясында "Ертегілер еліне..." атты ертегілерден қойылым көрсетілді. 1орынды 4 сыныптың "Алдаркөсе" ертегісі иеленсе, 2 орынды 1 сынып "Шалқан", 2 сынып" Бауырсақ" ертегілері қанжығасына байлады. 3 орын 3 сынып "Ақылды мұрагер"ертегісі иеленді.