"Қайырымдылық-асыл қасиет" » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қайырымдылық-асыл қасиет"
03
апрель
2020

"Қайырымдылық-асыл қасиет"





Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде Біз – тарихымызда небір қиындықты бастан өткерген халықпыз. Сол сынақтардан, ең алдымен, береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын! Біз біргеміз!-демекші , Еліміздің басына түскен қиын қыстау кезеңде бірлігімізді көрсетіп, бір-бірімізге көмек қолын созу ол әр азаматтың міндеті деп білеміз. 
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты көп адамдар жұмыссыз қалды. Бұл уақытша ғана құбылыс екендігін бәріміз білеміз және бұны жеңіп шығатынымызға да сенеміз. Бірақ, уақытша ғана құбылыс болса да  Әли ауылында көпбалалы отбасылар өте көп. Осындай отбасыларға  №22 орта мектеп директоры С.Құрманәліқызы бастаған қайырымдылыққа жаны жақын мектеп ұжымы "Біз біргеміз!" акциясын ұйымдастырып, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созды. Сонымен қатар әр көмек көрсетілген отбасыға  және ауылдағы медпунктке  қорғаныш бетперделері таратылды.