1-ші маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балдәурен» атты мектепшілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарлама » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-ші маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балдәурен» атты мектепшілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарлама
01
июнь
2019

1-ші маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балдәурен» атты мектепшілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарлама

1 - ші маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балдәурен» атты мектепшілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарламасы
«Өлкенің гүл жайнаған балғындары»
Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.
Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Осыған орай, 2019 жылғы маусым айының 1-ші жұлдызында №22 орта мектеп мұғалімдерінің бастамасымен халықаралық балаларды қорғау күнін бүлдіршіндер үшін түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, осы күні дүниежүзілік балаларды қорғау күніне және «Балдәурен» атты мектепшілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарламасы болды. Балалардың көңіл-күйі өте керемет,қуанышқа толы болды.Ауыл тұрғындарының,мектепшілік ата-аналар төрайымы Дүйсенғалиева Күнсұлу және орыс тілі пәні мұғалімі Адильбекова Ж.К-ның демеушілігімен балаларға балмұздақ үлестірілді. Және ауданымыздың барлық мектептерінде, балабақшаларында осындай мерекелер іс-шаралар ұйымдастырылып, балалардың көңілінде шек болмады.
Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.