Дүниежүзілік балалар күні! » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дүниежүзілік балалар күні!
17
ноябрь
2023

Дүниежүзілік балалар күні!

«Т. Қатаев атындағы №22 мектеп» МКМ  20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні! 2023жылдың 15-25қараша аралығында “Дүниежүзілік балаларды қорғау күні:балаларға арналған өмір” республикалық онкүндік ұйымдастырылуда. -Республикалық онкүндіктің мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың , бизнес топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру  мәселелеріне қоғамның назарына аударуда біріктіру.  Республикалық онкүндікті өткізудің өзектілігі: Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету  Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.  Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру балалардың құқықтарын қамтамассыз ету мәселелеріне мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарға  ерекше назар аударудың дәлелі болып табылады.  1954жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге Дүниеджүзілік балалар күнін атап өтуге кеңес берді. Бүкіл әлемде Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі.  20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады:1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы №”Балаларға бақытты балалық шақты қамтамассыз ету” мақсатымен Бала құқықтары туралы Декларация қабылдады.  Қазақстан Республикасы 1994жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Дүниежүзілік балалар күніне танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклін ойластыру  жоспарлануда.