"Мөлдір бұлақ" жұрналының бас редакторы Даулетбек Байтұрсынұлымен кездесу » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мөлдір бұлақ" жұрналының бас редакторы Даулетбек Байтұрсынұлымен кездесу
13
октябрь
2022

"Мөлдір бұлақ" жұрналының бас редакторы Даулетбек Байтұрсынұлымен кездесу

"Мөлдір бұлақ" жұрналының бас редакторы Даулетбек Байтұрсынұлы: Біз "Мөлдір бұлаққа" қызмет етеміз. "Мөлдір бұлақ" оқушыларға қызмет етеді. Яғни бәріміз Қазақстанның болашағына қызмет жасаймыз. Бүгін Құралай ұстаздың шақыруымен  Алматы облысы, Іле ауданы, Әли ауылы Тұрғанбек Қатаев атындағы 22-орта мектепке барып кездесу өткізіп қайттық. Мектептегі  "Бастауыштың ірге тасы - бастауыш мектеп" апталығы қарсаңында, аудан бойынша қырықтан аса мектептің "алғашқы әскери дайындық пәнінің" ұстаздарына осы мектепте семинар өткізіліп жатыр екен. Кешімізге мектеп ұстаздары, бастауыш мектеп оқушылары, әскери сабақтың барлық тәлімгерлері, білім бөлімінің жауапты маманы, мектеп директоры Салтанат Құрманәліқызы, Мектеп директорының орынбасарлары, кітапханашы, ардагер ұстаздар Сейсенбай Кірісбаев, Бақытжан Бекішев, сондай-ақ Құралай Мұқатжанова ұстаз, Айгүл Жабел ұстаз, өзгеде қызметкерлер қатынасты. Осы кезге дейін журналымызға жазылып келген мектеп, алдағы 2023-жылғада жақсылап жазылатындарын айтты. Оқушылар өлеңдерімді оқыды, ән салды, сұрақтар қойды. Өлең оқытты. Жүргізуші Серік Нұрзат ұстаздың қымтай ұстаған тізгінімен мәреге қалай жеткенімізді байқамай қалдық. Арнайы қонақ болып  кезіндегі ұстаз, бүгінгі кәсіпкер Тілеубай Базарбек бауырымыз екеуміз жинақы, әсерлі, ғибратты кештің куәсі болып қайттық. Мектептің қақпасынан кірген жерден мектептің тазалығы, мұғалімдердің сергекте реттілігі, оқушылардың тәртіптілігі бірден көзімізге түсті. Коридорды бойлата қабырғаларда ұстаздардың суреті, үздік оқушылардың суреттері, спорт шеберлерінің бұрышы, суретшілердің салған жұмыстары, талантты оқушылардың қолөнері бұйымдары рет-ретімен орын алыпты. Бейне бір көркем өнердің музейі секілді. Залдан өтіп бара жатқан адамның көзін бірден өзіне тартады. Ал, оқушылар болса, үнсіз сабақ алып, шабытқа кенеледі. Жанды мативация деген осы болар. Әрбір деталь тәрбие беріп, бағыт нұсқап тұрғандай. Әр жұмыс басталуынан білінеді. Соңына жарқын көңіл күймен жеттік. Осылайша "Мөлдір бұлақтың" оқырмандармен кездесуі өзіндік мән-мағынасымен бәрімізді қимастық сезімге бөледі. Соңында Ұжым басшысы Салтанат Құрманәліқызы сөйлеп, қорытынды шығарды.