Тәуелсіздік күні
Бүгін бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған тәуелсіздік күні. Осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын! Биыл қазыналы, берекелі Қазақ елінің тәуелсіздігіне 32 жыл толды. Көк туы желбіреген, Әнұраны қалықтаған еліміздің барша азаматына береке-бірлік пен толағай табыс тілейміз! Қазақ елі алмағайып өтпелі кезеңдердің барлық қиындығын жеңіп, биікке көтеріліп келеді.