17
ноябрь
2023
Дүниежүзілік балалар күні!
«Т. Қатаев атындағы №22 мектеп» МКМ 20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні! 2023жылдың 15-25қараша аралығында “Дүниежүзілік балаларды қорғау күні:балаларға арналған өмір” республикалық онкүндік ұйымдастырылуда. -Республикалық онкүндіктің мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың , бизнес топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарына аударуда біріктіру. Республикалық онкүндікті өткізудің өзектілігі: Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру балалардың құқықтарын қамтамассыз ету мәселелеріне мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарға ерекше назар аударудың дәлелі болып табылады. 1954жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге Дүниеджүзілік балалар күнін атап өтуге кеңес берді. Бүкіл әлемде Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі. 20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады:1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы №”Балаларға бақытты балалық шақты қамтамассыз ету” мақсатымен Бала құқықтары туралы Декларация қабылдады. Қазақстан Республикасы 1994жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Дүниежүзілік балалар күніне танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклін ойластыру жоспарлануда.