Тәуелсіздік күні » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
«Тұрғабек Қатаева атындағы №22 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 627-32-47
Есепші бөлімі:
+7(707) 627-32-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік күні
15
декабрь
2023

Тәуелсіздік күні

Бүгін бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған тәуелсіздік күні.
Осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын! Биыл қазыналы, берекелі Қазақ елінің тәуелсіздігіне 32 жыл толды. Көк туы желбіреген, Әнұраны қалықтаған еліміздің барша азаматына береке-бірлік пен толағай табыс тілейміз! Қазақ елі алмағайып өтпелі кезеңдердің барлық қиындығын жеңіп, биікке көтеріліп келеді. “Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын!” - деп тілеген ата-бабамыздың арманы орындалды. Осындай ұлық мерекеде баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі ертегідей әдемі болсын! Құрметпен: Мектеп директоры Салтанат Құрманәліқызы!