13
февраль
2020
Коронавирус туралы не білуіміз керек?
Дәл қазір әлем елдері коронавирустан қорғану үшін жанталасып жатыр. Әрине, оның ішінде біз де бармыз. Әлем халықтары бұл дерттен қорғанудың жолдарын қарастыруда. Ол қандай вирус? Барлық континентте, әсіресе Қытайда тарап жатқан вирусты уханьдық немесе жаңа коронавирус (2019-nCoV) деп атайды. Бұл вирусты жұқтырып алмауымыз үшін не істеуіміз керек?-деген сұрақтарға №22 орта мектебінің медбикесі Бисембаева Светлана Ануарбековна оқушылармен қатысуымен өткізген семинарында бәрін айтып түсіндірді.
1. Қолыңызды сабынмен немесе сумен кем дегенде 20 секундтан жиі жуып тұрыңыз.
2.Егер сабын мен су қолжетімсіз болса, спирт негізіндегі қолға арналған дезинфекция құралын қолданыңыз.
3.Жуылмаған қолды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға жақындатпаңыз.
4.Науқас адамдармен байланыстан қашыңыз. Ауырған кезіңізде үйде болыңыз.
5.Жөтелген немесе түшкірген кезде бетіңізді майлықпен жауып, содан кейін оны қоқысқа тастаңыз.
6. Сіз үнемі байланыста болатын құралдар мен үстіңгі қабатты тазартып, дезинфекция жасап тұру міндеттеледі. Сынып жетекшілер сыныптарымен "Коронавирус туралы не білеміз?" тақырыбында сынып сағаттарын өткізсе, оқушылардың ұйымдастыруымен мектеп дәлізіне қабырға газеттері ілінді.