31
май
2019
9 мамыр «Ұлы Жеңістің – 74 жылдығына» арналған іс- шаралар
Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп, барша адамзатты әрқашанда қуантады!
№22 орта мектебінің 9 мамыр «Ұлы Жеңіс» күніне қарсаңында өткізілетін іс-шаралар 2018 -2019 жылғы мамыр айынан жоспарланып, мектеп директорымен бекітілді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым жасау мақсатында ұйымдастырылған Байсерке ауылдық округінің «Ардагерлерге арналған ескерткіш» маңында өткізілген салтанатты жиынға жауапты мектеп болдық. Жоспарланған барлық іс- шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. Мектебіміздің мұғалімдері «Жойылсын соғыс»әнін орындаса, жас жезтаңдай әншісі Сибат Ерасыл «День Победы» әнін орындап шықты. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеу, еске алу мақсатында ауыл тұрғындары мен тыл ардагерлері және оқушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Бұл іс-шара мектебімізде жалғасын тапты.«Ешкімде ұмыт қалмайды. Ешкімде ұмытылмайды» тақырыбында мектеп кітапханасында көрмелері ұйымдастырылды. Әр сыныптың жетекшілері «Ұлы Жеңіс» күніне арнап 1-11 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
№22 орта мектебінде тылда жұмыс істеген ардагерлерге 9 мамыр «Жеңіс күніне» байланысты 2019 жылдың 4 мамырдан бастап «Тимуршылар» командасына ауылдың көмек қажет ететін жалғыз басты тыл еңбеккерлері бекітіліп берілді. Әр сынып өздеріне бекітілген тыл еңбеккерлеріне көмектерін көрсетіп, міндеттерін атқаруда. Көктем кезінде жұмыс көп болғандықтан, оқушылар бекітілген тыл еңбеккерлерінің үйлерін жинау, ағарту, ауласын тазалау, бақшаларын жинау, су әкелу, отынын бұтау сияқты жұмыстарын тиянақты жасады. Оқушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Сондай-ақ балалар қарттармен әңгімелесіп, олардың ақылдарын тыңдап, өздерінің мейірімділік қасиеттерін жетілдіруде.

Теги:
Жеңіс күні