31
май
2019
«Жас сарбаз-2019» әскери-спорттық байқауы
17.04.2019 жылы Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектепте аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Джантлеев Сейтжан Салимханұлының ұйымдастыруымен «Жас сарбаз-2019» әскери-спорттық байқауы өтті.
Саптық байқау — әскери тәртіпке үйретіп, тәрбиелейтін басты маңызды пәндердің бірі. Ол әскери қызметшілерді саптық бойды түзетуге, ширақтыққа, ептілікке, тәртіптілікке, жеке саптық тәсілдерді, сонымен қатар бөлімше құрамында үйлесімді қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға бағытталған.Бұл байқауға ауданның 20 мектебінен жас сарбаздар қатысып, әскери-спорттық білімдерін ортаға салды.
Байқаудың барысында аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Джантлеев Сейтжан Салимханұлы «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының болашағы зор екендігін, бұл жастарды тәрбиелеуде маңызды қадам және қазіргі таңда ел тыныштығы, бейбітшілік пен береке Қазақстан үшін маңызды. Тәуелсіздік алу жолында қаншама қиын сәттерді өткердік. Егемендік – баға жетпес байлығымыз. Ал оны сақтау – ұрпаққа парыз. Ерлігі бізге аян болмаса да, шекара шебінде тұрып, батырлық пен отансүйгіштіктін үлгісін көрсетіп жүрген дәл осы сарбаздар екендігін атап,жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
Байқауды әділ бағалайтын әділқазылар сайланып,байқаудың кезендерімен таныстырып өтті.Байқау 15 кезеңнен тұрды.Аудан бойынша қатысқан
20 бөлімшенің жас сарбаздары әскери-спорттық байқауда жинаған ұпайлары бойынша,төмендегідей нәтиже көрсетті.
1-орын №26 орта мектеп.Шіліккемір ауылы
2-орын №34 орта мектеп.Жетіген ауылы
2-орын №29 орта мектеп.Көкқайнар ауылы
3-орын №22 орта мектеп.Әли ауылы
3-орын №8 орта мектеп.Ақши ауылы
3-орын №42 орта мектеп.Казцик ауылы

Теги:
Жас сарбаз