Мұғалімдер » Страница 6 » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жаңашыл ұстаз-2022"
18
февраль
2022
"Жаңашыл ұстаз-2022"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Жабел Айгулдің ұйымдастыруымен "Жаңашыл ұстаз-2022" байқауы өткізілді, 1 орынды информатика пәнінің мұғалімі Ү. Дильманова, 2 орынды биология пәнінің мұғалімі Р. Тазабекова, 3 орынды өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі И. Сарсембаевалар иеленді. Қалған ұстаздар номинациялармен марапатталды. Еңбектеріңіз жана берсін!
Ашық сабақ
17
февраль
2022
Ашық сабақ
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде ағылшын тілі апталығы аясында өтіп жатқан ашық сабақтардан көрініс.
Жырлайды жүрек
14
февраль
2022
Жырлайды жүрек
Әнші қызымыз, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гауһар Даулетованы құттықтаймыз!
Ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты
14
февраль
2022
Ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде 14 ақпан Ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты өтті. Оқушылар үш тілді еркін меңгеріп жатқанын көрсетті.
"Дарынды балалармен психологиялық-диагностикалық жұмыс"
11
февраль
2022
"Дарынды балалармен психологиялық-диагностикалық жұмыс"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектеп психологтарының ұйымдастыруымен  "Дарынды балалармен психологиялық-диагностикалық жұмыс"  тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Б. Т. Маканова арнайы келіп қатысып, жақсы тілегін арнады. Мектеп директоры С. Құрманәліқызы семинарға қатысушыларға сәтті күн тіледі. Қонақтар мектептегі дарынды балаларға арналған тақталармен танысты.
Дарынды балалармен жұмыс
11
февраль
2022
Дарынды балалармен жұмыс
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде Дарынды балалармен жұмыс тақырыбында өткен аудандық семинар аясында мектебіміздегі суретші қыз, 8 сынып оқушысы Қайратбекқызы Аминаның шығармашылық тұсау кесу рәсімі жасалды, рәсімді аудандық білім бөлімінің әдіскері Бақыткул Турлыбековна жасап, ізгі тілегін жолдады, Аминаның әкесі Қайратбек аға толқып тұрып, қызына,  мектеп ұстаздарына алғысын айтып сәттілік тіледі, ұстазы Гауһар Усербайқызына зор алғыс, біз мақтанатын шәкірттеріміз көп болсын!  
"Дін және заман"
09
февраль
2022
"Дін және заман"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде дінтану пәнінің мұғалімі Гулжан Айтыбасованың ұйымдастыруымен  9-сынып оқушыларымен "Дін және заман"  тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
"Ертегілер еліне..."
03
февраль
2022
"Ертегілер еліне..."
Бастауыш ӘБ апталығы аясында "Ертегілер еліне..." атты ертегілерден қойылым көрсетілді. 1орынды 4 сыныптың "Алдаркөсе" ертегісі иеленсе, 2 орынды 1 сынып "Шалқан", 2 сынып" Бауырсақ" ертегілері қанжығасына байлады. 3 орын 3 сынып "Ақылды мұрагер"ертегісі иеленді.  
2-4-сынып оқушыларының арасында Мұқағали оқуы
02
февраль
2022
2-4-сынып оқушыларының арасында Мұқағали оқуы
Бастауыш ӘБ апталығы аясында 2-4-сынып оқушыларының арасында Мұқағали оқуы ұйымдастырылды, бұл шараға 26 оқушы қатысып, бақтарын сынады, Мұқағали өлеңдерін жарыса оқыған бүлдіршіндер көптің көңілінен шықты. Орын беріліп, жарыс жеңімпаздары анықталды, Жарайсыңдар, жас өрендер, Мұқағали жырымен сусындай беріңдер!
"Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік  пен Шығармашылық педагогикасы"
02
февраль
2022
"Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде 1-10 ақпан аралығында өтетін "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік  пен Шығармашылық педагогикасы"  атты онкүндіктің ашылу рәсімі өткізілді.