03
февраль
2022
«Сайлау құқығы-менің құқығым»
Іле ауданы, Әли ауылындағы Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебіндегі ✓366 сайлау учаскісінде Дүниежүзілік сайлау күніне арналған «Сайлау құқығы-менің құқығым» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен дебат сабағы өткізілді. Оқушылар толық мағлұмат алды, белсенді қатысты. Мектебіміздің Акт залында 10-11 сынып оқушыларына , тарих пәнінің мұғалімі Айтыбасова Гүлжан Газизовна оқушыларды сайлаудың өтілу үлгісімен және ережелерімен таныстырып, өз ойларымен бөлісті. Осы іс-шараға жергілікті сайлау учаскелік комиссиясының мүшелері қатысты. Айтыбасова Г. Г. оқушыларға сайлау туралы жан-жақты мағлұмат берді. Шараның мақсаты: оқушыларға сайлау жөнінде ақпарат беру, конституция заңдарымен таныстыру. Жиын барысында учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Салтанат Құрманәліқызы қатысушыларды халықаралық сайлау күнімен құттықтады.