"Жыл мұғалімі - 2020" » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жыл мұғалімі - 2020"
04
март
2020

"Жыл мұғалімі - 2020"

2020 жылдың 18 қаңтар күні Т.Қатаев атындағы "№22 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде "Білім беру бағдарламасын жаңарту тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру" тақырыбында мектепшілік "Жыл мұғалімі - 2020" байқауы өтті. Байқау өте мазмұнды да, қызықты өтті. Байқау барысында мұғалімдер шығармашылық жағынан жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен де бөлісті. Атап айтар болсақ панорамалық сабақ жаңашылдықтарға толы болды. Мұғалімдердің АКТ ресурстарын тиімді пайдалану, сонымен қатар сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер қоры мол екендігін айқындай түсті.Сайыс қорытындысы бойынша I орынды география пәні мұғалімі Сәдірбаева А.С, II орынды математика мұғалімі Қанапияев Ж.Е, III орын қазақ тілі пәні мұғалімі Турсәлі М.М иеленді.