"Есіңе мені алғайсың" атты әдеби-сазды кеш » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Есіңе мені алғайсың" атты әдеби-сазды кеш
08
февраль
2020

"Есіңе мені алғайсың" атты әдеби-сазды кеш

 
 Бүгін менің туған күнім.
Ой, бəле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тəңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, — демекші Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз- шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақынның туған күніне орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қабаева Гүльназ Төлеуқызының ұйымдасытруымен "Есіңе мені алғайсың" атты әдеби-сазды кеш өтті.