"Ағаш ек гүл ек, туған елді түрлент" сенбілік » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ағаш ек гүл ек, туған елді түрлент" сенбілік
15
октябрь
2022

"Ағаш ек гүл ек, туған елді түрлент" сенбілік

"Ағаш ек  гүл ек,  туған елді түрлент"  тақырыбында бүгін "Т.Қатаев атындағы #22 орта мектеп" МКМ -де сенбілік жүргізіліп, көшеттер отырғызылды.🌳🌳🌳🌳
✓2020 жылы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында 5 жыл ішінде орман қорына 2 млрд. ағаш және елді мекендерге 15 млн. ағаш отырғызуды тапсырды.
Осыған байланысты 2022 жылғы 15 қазан облыстық ағаш отырғызу күні болып жарияланды.
Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінде ағымдағы жылдың күзінде әртүрлі ағаш түрлерінің көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Атаулы акцияға ұжымымызбен қолдап,  қылқан жапырақты ағаштар мен тюльпан, көп жылдық гүлдер отырғыздық. 
Ағаш отырғызыңыз - қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосыңыз. Гүлденсе ауыл,  гүлденеміз бәріміз!
Белсене қатысқан әріптестеріме рахметімді білдіремін! Біз біргеміз. Біз алмайтын қамал жоқ! Тәуелсіздік туы желбірей берсін!