Әдістемелік жұмыстар » Страница 3 » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
«Тұрғабек Қатаева атындағы №22 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 627-32-47
Есепші бөлімі:
+7(707) 627-32-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" қайырымдылық акциясы
17
август
2022
"Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" қайырымдылық акциясы
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Балалар жылында бұл акция "Мектепке  жол-Шекарасыз жақсылық" ұранымен өтуде. Акция 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.  Бұл акцияның мақсаты: аз қамтылған, көпбалалы отбасының балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балалардың жаңа оқу жылына дайындық  кезеңінде немесе әлуметтік себептер бойынша мектепке бармай қалуын болдырмау үшін көмек көрсету.
Сынып жетекші-тәрбие ісінің ұйытқысы"
22
апрель
2022
Сынып жетекші-тәрбие ісінің ұйытқысы"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде Сынып жетекшілер апталығы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З. Худайбергенованың ұйымдастыруымен "Сынып жетекші-тәрбие ісінің ұйытқысы"  тақырыбында сынып жетекшілер жиналысы  дөңгелек үстел форматында өткізілді. Сынып жетекшілер белсене қатысты.  
«Балалар жылы-2022»
21
апрель
2022
«Балалар жылы-2022»
Т. Қатаев атындағы ✓22 орта мектебінде  18-22 сәуір аралығында балалар жылына арналған іс -шаралар жоспарына сәйкес «Балалар жылы-2022» республикалық бокстан жасөспірімдер арасында ашық турнир өткізілді.  Бұл шараға республикамыздың әр өңірінен жас боксшыларымыз келіп күш сынасты.  Мектеп «Кітап -білім бұлағы»  тақырыбында  біркүндік акция өткізілді.  Акция мақсаты: оқушылардың әдеби кітап оқуға ынтасын арттыру. Акцияға оқущылар белсене қатысты.
«Қауіпсіз интернет» акциясы
18
апрель
2022
«Қауіпсіз интернет» акциясы
«Қауіпсіз интернет» акциясы жоспар бойынша «Бір күн кітап оқу» шарасы өтті. Бұл акцияға оқушылар өте белсене қатысты. Олар мектебіміздегі кітапханаға барып,  әр түрлі шығармалар,  әңгімелер алып оқыды. Оқып болған соң талдау жасады.  
"Құстар-біздің досымыз"
15
апрель
2022
"Құстар-біздің досымыз"
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде Жаратылыстану және тарих апталығы аясында география пәнінің мұғалімі Бекишов Бахытжан Сейпішұлының ұйымдастыруымен "Құстар-біздің досымыз"  тақырыбында құстар фестивалі өткізілді, оқушылар құстар әкеліп, ұя жарысы өткізілді.  
"Басқарушылық менеджмент"
08
апрель
2022
"Басқарушылық менеджмент"
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде "Басқарушылық менеджмент"  курсының айлық жоспарына сәйкес биология пәнінің мұғалімі,сарапшы-педагог,3 деңгей бойынша  серттификатталған Тазабекова Раушан Болатовна мен информатика пәнінің мұғалімі сарапшы-педагог,  3 деңгей бойынша сертификатталған Дильманова Үміт Мейрамбекқызы "Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары"  тақырыбында коучинг өткізді.  
"Адам бойындағы көшбасшылық қасиет"
08
апрель
2022
"Адам бойындағы көшбасшылық қасиет"
Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде мектеп психологы Ерназарова Жанар Аяновнаның ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерімен "Адам бойындағы көшбасшылық қасиет"  тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг өте керемет, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
«Спорт-денсаулық кепілі»
05
апрель
2022
«Спорт-денсаулық кепілі»
Әли ауылы,Т.Қатаев атындағы 22 орта мектебінде салауатты өмір салтын насихаттау онкүндігі жоспары бойынша  «Спорт-денсаулық кепілі»  тақырыбында 1-4сыныптар аралығында спорттық сайыс өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері сайысты жақсы ұйымдастырды,  оқушылар белсене қатысты. 
"Салауатты өмір салты"
04
апрель
2022
"Салауатты өмір салты"
 Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде "Салауатты өмір салты" онкүндігі аясында 2-10-сынып оқушылары "Денсаулық-баға жетпес байлық"  тақырыбында диктант жазды. Ол диктанттан оқушылар денсаулық туралы біршама мағлұмат алды.
"Педагогтардың кәсіби дамуын басқарудағы жаңа міндеттер"
18
март
2022
"Педагогтардың кәсіби дамуын басқарудағы жаңа міндеттер"
Әли ауылы, Т. Қатаев атындағы 22 орта мектебінде мектеп ұжымына "Педагогтардың кәсіби дамуын басқарудағы жаңа міндеттер"  тақырыбында мектеп директоры жиын өткізді, ағылшын тілі пәні мұғалімі А. Хармысова таныстырылым жасады, ал зерттеуші-педагог, орыс тілі пәнінің мұғалімі И. В. Сарсембаева мен педагог-сарапшы,  тарих пәнінің мұғалімі Б. Каратаева "Оқыту үрдісінде топтық оқытудың тиімділігі"  тақырыбында коучинг ұйымдастырып, мұғалімдер белсене қатысты.