13
июль
2020
"13 шілде - ұлттық аза тұту күні"
«Әр қазақ менің жалғызым» дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», - деді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев.Президентіміз сонымен қатар уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесетке сеніп, еңсені түсіруге болмайтынын айтты. «Салмақты, сабырлы болайық. Біздің жұмысымыз айқын. Қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады. Бүкіл күш-жігерімізді жинап, күресе беруіміз керек», - деді.
Біз, "№22 орта мектеп" МКМ ұжымы өз тарапымыздан қара жамылап отырған отбасылардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Дана халқымыздың "Жұмыла көтерген жүк жеңіл"-демекші бәріміз бірауыздан өзіміздің және айналамыздағылардың қауіпсіздігі үшін үйімізден шықпауға, қажет болған жағдайда міндетті түрде белгеленген санитарлық талаптарды қатаң сақтасақ бұл індетті жеңіп шығатынымызға сеніміміз мол. Осы індеттің алдын алу мақсатында мектебіміздің мұғалімдері ауыл тұрғындарына, сынып жетекшілер өз сыныбының ата-аналарына, сынып оқушыларына бұл індеттің қауіптілігі және сақтық шаралары туралы ақпараттар беруде.
Бұл індетпен күресте үзіліссіз еңбек етіп жатқан ақ халатты абзал жандардың, жоғарғы билік өкілдерінің ерен еңбектерін дәріптеуден сонымен қатар қиын жағдайда қол ұшын созған демеушілердің еңбектерін насихаттаудан шаршамақ емес.