10
май
2024
10- мамыр күні “Игі істер” акциясы
10- мамыр күні “Игі істер” акциясы өткізілді. Бұл күні әр білім алушы мүмкіндігінше игі істер жасауға қамтылды. Осындай игі істер жасау мақсатында мектебіміздің 5-10 сынып жетекшілерімен оқушыларының ұйымдастыруымен Байсерке ауылында орналасқан Қарттар үйіне барып, қарт апа-аталарға шағын концерттік бағдарлама мен мерекелік дастархан ұсынылды. Қарт апа мен аталарға ықыласпен сый құрмет жасалды. Оларға кішігірім сыйлықтар берілді.