09
февраль
2024
«Көктем-2024»
Құрметті Іле ауданының тұрғындары мен қонақтары!
2024 жылғы 08-09 ақпан күні Алматы облысының аумағында «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілетінін хабарлаймыз. Оқу-жаттығу барысында халықты хабардар ету жүйелері, азаматтық қорғаудың облыстық жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылатын болады.
2024 жылғы 08 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:55-те бүкіл республика бойынша электр сиреналарын, сирень-сөйлеу құрылғыларын іске қосып және теле-радио хабарларын таратуды тоқтата отырып, құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезінде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналары, сирень-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да сигнал беру құралдары қосылады. Бұл «Баршаның назарына!» дегенді білдіреді. Бұл сигналды естіген халық қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен нұсқаулықтар алу үшін қол жетімді ақпаратты қабылдау құралдарын (телеарналар, радио, интернет-сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар және т.б.) дереу қосуы қажет. Алынған ақпаратты туыстарыңыз бен көршілеріңізге дереу жеткізуіңіз қажет.
Ақпаратты «112» және «101» телефон нөмірлері, 8(72772)2-61-33 жедел желі нөмірі және «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан тыныштық сақтауды, дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауды сұрайды.