01.08-30.09.2023 жыл аралығында "Мектепке жол" акциясы » №22 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
«Тұрғабек Қатаева атындағы №22 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 627-32-47
Есепші бөлімі:
+7(707) 627-32-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 01.08-30.09.2023 жыл аралығында "Мектепке жол" акциясы
01
август
2023

01.08-30.09.2023 жыл аралығында "Мектепке жол" акциясы

Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің 2023 жылдың 18 шілдедегі хаты негізінде, Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі ММ-нің 2023жылдың 31 шілдедегі №449 бн/қ бұйрығына сәйкес "Т. Қатаев атындағы №22 орта мектеп" МКМ-нде 01.08.2023ж бастап "Жақсылықты жаса" атты ұранымен "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

Құрметті ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы Сіздерді қайырымдылық акцияға қолдау білдіруге шақырамыз!!!